Қазақстанға Бельгия Королі Филипп келеді

Король Филипп Президенттің Ұлттық күнге орай жолдаған құттықтауына алғыс білдіріп, Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарына ерекше мән беретінін айтты.

 Ақорда 8 Тамыз 2026, 17:06
8 Тамыз 2026, 17:06
139
Фото: Ақорда

Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады.

Бұл турады Ақорда мәлімдеді. 

Король жеделхатта Мемлекет басшысының Бельгияның Ұлттық күніне орай білдірген жылы лебізіне шынайы ризашылығын жеткізген.

Сондай-ақ Король Филипп биыл Президенттің шақыруы бойынша Қазақстанға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына ерекше мән беріп отырғанын атап өткен.

Наверх