Тоқаев жұмыс сапарымен Жидда қаласына барды

19 Шілде 2023, 01:11
492
Бөлісу:
Тоқаев жұмыс сапарымен Жидда қаласына барды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Жидда қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын әуежайда Мекке провинциясы губернаторының орынбасары, ханзада Бадр бен Сұлтан бен Әбделазиз, Жидда провинциясының губернаторы Салих бен Әли Ат-Түрки қарсы алды.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары аясында Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат еткенін жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы