Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан Президентімен қатар Ресей Федерациясының Президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қатысады.
Сонымен қатар бейнебайланыс арқылы ЖЕЭК жанындағы бақылаушы мемлекеттерден Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес және шақырылған қонақ ретінде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысады деп жоспарланып отыр.