Тоқаев ЖЕЭК отырысында Иран өкіліне көңіл айтты

Мемлекет басшысы әскери қақтығыс салдарынан Иранда қаза тапқандардың туыстарына қолдау білдірді.

 Ақорданың баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 16:36
Бүгiн 2026, 16:36
188
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Иран Ислам Республикасының өнеркәсіп, кен өндіру және сауда министрі Сейед Мохаммад Атабакқа көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мемлекетіңізге қарсы жасалған әскери әрекеттер салдарынан бейбіт тұрғындар арасында, ең алдымен Иран басшылығы өкілдері арасында болған көп шығынға байланысты көңіл айтқым келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Президент Тоқаев көлік бағыттарын цифрландыруды ЕАЭО-ның негізгі басымдықтарының бірі деп атаған болатын.

Наверх