Тоқаев: Жаңаша ойлайтын жастардың тың идеяларын қолдаймыз

16 Маусым 2022, 15:25
1945
Бөлісу:
Тоқаев: Жаңаша ойлайтын жастардың тың идеяларын қолдаймыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлытау өңірінде өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Енді, Ұлттық Құрылтайдың жұмысын ұйымдастыру мәселесіне тоқталсам. Оның құрамында 117 адам бар. Құрылтайға барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдері қатысып отыр. Біз көпті көрген ел ағаларының ақыл-кеңесіне жүгінеміз. Белсенді азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесін ескереміз. Жаңаша ойлайтын жастардың тың идеяларын қолдаймыз, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Айтуынша, құрылтайға депутаттар, саяси партиялар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де шақырылып отыр.

 Атап айтар болсақ, олардың қатарында ақын Мұхтар Шаханов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, академик Асқар Жұмаділдаев, экономист Жақсыбек Күлекеев, саясаткер Әлихан Бәйменов, журналист, медиа-менеджер, қоғам қайраткері Ермұрат Бәпи, Парламенттің бірнеше шақырылымының депутаты Нұртай Сабильянов, балуан Дәулет Тұрлыханов, ғалым-биотехнолог Күнсұлу Закария, дінтанушы Қайрат Жолдыбай, ғалым Анар Фазылжанова бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент ұлт ұясы – Ұлытаудың ғасырлар бойғы ұлы миссиясы қайта жалғасқанын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы