Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

1 Наурыз 2022, 12:33
1582
Бөлісу:
Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта өтіп жатқан Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезінде Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Біздің ұстанымымыз мемлекетіміздің егемендігінің, аумақтық құндылығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің сыни қажеттілігінен шығуы керек. 2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитін өткізген ел ретінде біз Еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбейтіндігі қағидатын ұстанамыз. Қауіпсіздіктің бөлінбейтіндігі және бірлестігі қағидасы өзара сенімге негізделген түсіністікті болжайды, - деді Президент съезде.

Мемлекет басшысының пікірінше, Минск келісімдері қағаз жүзінде қалып, бұл Украина мен Ресей арасында қақтығыс туындауына әкелгенін айтты.

Геосаяси жағдай бұрын-соңды болмаған жағдайда шиеленісе түсті, енді өкінішке қарай, бұл үрдістің қайтымсыздығы туралы айту керек. Сондықтан екі мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табуға, келісімге келуге шақырамыз. Басқа амал жоқ. Жақсы жанжалдан жаман татулық артық. Бейбітшілік болмаса, даму да болмайды. Қазақстан өз тарапынан барлық көмек түрін, соның ішінде қажет болса, медиация қызметін көрсетуге дайын, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы