Тоқаев Түркі елдерінің басшыларын Ақтауда басқосуға шақырды

12 Қазан 2022, 17:31
1073
Бөлісу:
Тоқаев Түркі елдерінің басшыларын Ақтауда басқосуға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан, Түркия, Әзербайжан Президенттерінің кездесуін Ақтауда өткізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл маусым айында Бакуде үшжақты форматтағы кездесу өтті. Біз бұл дәстүрді жалғастыруға ниеттіміз. Келесі басқосуды Ақтауды өткізуді ұсынамыз. Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери техника, денсаулық сақтау, фармацевтика, жоғары білім және цифрландыру саласында басымдық берілген жобалары бар.Дегенмен, екі елдің осы бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан ары дамыту әлеуеті бұдан әлдеқайда зор, - деді Президент Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанның екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтып, Түркияның жаһандық және аймақтағы проблемаларды шешуге белсенді қатысып отырғанына тоқталды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-отырысы нәтижесінде бірқатар  үкіметаралық құжатқа қол қойылғанын хабарлады.

Президенттің айтуынша, екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық – біздің байланыстарымыздың өзегі. Сондықтан алдағы уақытта екі ел арасындағы сауда айналымын 10  миллиард долларға жеткізу көзделіп отыр.

 

Өзгелердің жаңалығы