Тоқаев ТМД кеңесін қорытындылады

14 Қазан 2022, 15:08
1991
Бөлісу:
Тоқаев ТМД кеңесін қорытындылады
PHOTO
Фото: Ақорда

Біздің кеңейтілген отырысымыз нәтижелі болды деп айтуға толық негіз бар. Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің нәтижелі өткенін айтты, деп хабарлайды  BAQ.KZ  тілшісі.

Айтуынша бұл ТМД-ның пандемиядан кейін жүзбе-жүз форматтағы алғашқы толыққанды саммиті.

Тоқаев ТМД кеңесін қорытындылады

Біз шағын құрамда мұнан арғы ынтымақтастығымыздың ең өзекті мәселелері бойынша нәтижелі пікір алмастық. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын дамытудың басты басымдықтарын белгіледік. Түптеп келгенде, бұл – біздің елордамызда тағы да жүздескен қуанышты оқиға, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Тоқаев кеңейтілген отырыстың нәтижелі болғанын айта кетті.

Тоқаев ТМД кеңесін қорытындылады

Делегация басшылары құжаттарды қабылдаудан бөлек, ТМД кеңістігінде көп жоспарлы өзара іс-қимылдың кең ауқымы және халықаралық күн тәртібі бойынша өте пайдалы пікірталас өткізді. Бұл ретте айтылған сындарлы ұсыныстар мен қабылданған құжаттар ТМД кеңістігіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және жетілдіруге қызмет ететіні сөзсіз. Бұл біздің ортақ мақсаттарымызға сай келеді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кездесу нәтижелері өзара достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік арқасында берік байланыс орнатқан, қуатты әрі өркендеген мемлекет қалыптастыру жолындағы ортақ мақсатқа жетуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар саммитте Ресей Президенті Владимир Путин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.  

Өзгелердің жаңалығы