Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларына ризашылығын білдірді

14 Қазан 2022, 13:50
1380
Бөлісу:
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларына ризашылығын білдірді
PHOTO

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін келген делегация жетекшілеріне ризашылығын білдірді.  

Ең алдымен, Қазақстанның ТМД ұйымына төрағалығы аясындағы бастамаларына қолдау білдіріп, осы күндері Астанада өтіп жатқан халықаралық іс-шараларға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бүгінгі отырысқа Кеңес мүшесі ретінде Түрікменстан Президенті, құрметті Сердар Гурбангулыұлы Бердімұхамедов алғаш рет қатысып отыр. Осы жердегі әріптестердің және өзімнің атымнан Сізге қош келдіңіз дей отырып, жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысын ашық деп жариялаймын. Бүгін Мемлекеттер басшылары кеңесінің қарауына гуманитарлық серіктестікке, қауіпсіздікке және ынтымақтастығымыздың басқа да аспектілеріне қатысты маңызды мәселелер ұсынылып отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларына ризашылығын білдірді

Президент Достастыққа мүше елдердің басшыларын Қазақстан былтыр серіктестермен және ТМД Атқарушы комитетімен бірге атқарған көпжоспарлы жұмыстың негізгі қорытындылары туралы хабардар етті. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан өз төрағалығының басымдықтарына сәйкес, қазіргі әлемдік даму процестерін ескере отырып, мүше мемлекеттердің күш-жігерін көптеген бағыттар бойынша біріктіруге ұмтылды.

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымызды сақтауға, сондай-ақ Достастықтың әлеуеті мен халықаралық беделін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды бастамалар іске асырылды. Күрделі экономикалық жағдайда Достастықтың экономикалық әлеуетін нығайтуға және ТМД-ның 2030 жылға дейінгі Экономикалық даму стратегиясының ережелерін орындауға ерекше назар аударылды. Іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін табысты жүзеге асыру іскерлік белсенділікті арттыруға, өзара сауда көлемін ұлғайтуға, экономиканы пандемиядан кейін қалпына келтіру ісін жеделдетуге мүмкіндік берді. Жаһандық және өңірлік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында біз тығыз сауда-экономикалық байланыстарды сақтау үшін қолда бар барлық әлеуетті жұмылдыруымыз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларына ризашылығын білдірді

Президенттің пікірінше, климат мәселесі өзекті болып отыр. Мемлекет басшысы климаттың өзгеруі ТМД-ның барлық дерлік елдерінде су ресурстарымен қамтамасыз ету проблемасын шиеленістіре түсетінін атап өтті.

Біз бұл мәселемен түрлі халықаралық формат аясында айналысып, екіжақты негізде өзара тиімді шешімдерді қарастырамыз. Сонымен бірге Достастықтың бүкіл кеңістігінде су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің  ортақ әдістерін әзірлейтін уақыт келді. ТМД Атқарушы комитетіне трансшекаралық су ресурстарын өзара тиімді пайдалану жөнінде нақты ұсынымдар беруді ұсынамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Отырыс барысында сондай-ақ Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті  Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомоли Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті  Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларына ризашылығын білдірді
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларына ризашылығын білдірді
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларына ризашылығын білдірді
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларына ризашылығын білдірді
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларына ризашылығын білдірді
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларына ризашылығын білдірді
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларына ризашылығын білдірді
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларына ризашылығын білдірді
Өзгелердің жаңалығы