ТМД атқарушы хатшысының лауазымы өзгеретін болды. Бұл туралы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі саммитінің шағын отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазір қол қол қою рәсімі өтіп жатқан кезде мен сіздерге ТМД-ның атқарушы хатшысының лауазымының ТМД бас хатшысы деп қайта атау туралы талқылағанымызды айта кетейін, - деген Қазақстан басшысы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін АӨСШК мен Шанхай ынтамқтастық ұйымы атқарушы хатшыларының лауазымы да өзгертілгенін еске салды.
Талқы кезінде осындай ұсыныс айттым. Өйткені кеше біз АӨСШК атқарушы хатшысының лауазымын бас хатшы лауазымына қайта атау туралы шешім қабылдадық. Бұдан бұрын ШЫҰ атқарушы хатшысының лауазымы да бас хатшы лауазымы болып өзгертілді. Негізі атқарушы орган лауазымының мәртебесін арттыру мәселесі маңызды. Меніңше, оның үстіне Сергей Николаевич Лебедев туралы айтылып отырғандықтан, ол адам ТМД-ның Бас хатшысы сияқты лауазымына әбден лайық. Бас хатшы лауазымының өзі белгілі бір дәрежеде, жалпы ұйымымыздың мәртебесін едәуір арттыратыны анық,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.