Тоқаев Таиланд Короліне жеделхат жолдады

Президент құттықтауында Таиланд халқы үшін маңызды мерекенің мәніне тоқталып, екіжақты қарым-қатынасқа қатысты ұстанымын білдірді.

28 Шілде 2026, 12:03
АВТОР
 Ақорданың баспасөз қызметі 28 Шілде 2026, 12:03
28 Шілде 2026, 12:03
119
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Корольдіктің орнықты дамуының, ұлттық мұрасы мен рухани құндылықтарының айшықты белгісі ретінде бұл мерекенің Таиланд халқы үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
 
Мемлекет басшысы Корольдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Таиланд халқына құт-береке тіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның жаңа Премьер-министріне құттықтау жолдаған еді. 

Наверх