Тоқаев: Сыр елінен мықты спортшылар шыққан

10 Қазан 2023, 14:04
712
Бөлісу:
Тоқаев: Сыр елінен мықты спортшылар шыққан
PHOTO
Фото: Ақорда

Сыр еліне келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нағи Ілиясов ауылына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тоқаев: Сыр елінен мықты спортшылар шыққан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылының тыныс-тіршілігімен танысудан басталды.

Тоқаев: Сыр елінен мықты спортшылар шыққан

Қазақстанның Еңбек Ері, «Абзал және К» толық серіктестігінің негізін қалаушы Абзал Ералиев Президентке кәсіпорынның табысты қызмет етіп, өңір бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші мекемеге айналғанын жеткізді. 

Тоқаев: Сыр елінен мықты спортшылар шыққан

Сонымен қатар өнімді еңбектің арқасында туған өлкенің дамуына тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты.

Тоқаев: Сыр елінен мықты спортшылар шыққан

Президент «Абзал және К» шаруашылығының демеушілігімен салынған ауылдың орталық алаңын, спорт кешенін аралап көрді. 

Тоқаев: Сыр елінен мықты спортшылар шыққан

Спорт кешенінде жергілікті халық футбол, волейбол, үстел теннисі және күрес түрлерімен емін-еркін шұғылдана алады. Мемлекет басшысы спорт кешенінде жеткіншектермен әңгімелесті. 

Тоқаев: Сыр елінен мықты спортшылар шыққан

Спортпен шұғылдану керек. Әсіресе, өздеріңіз сияқты жастарымыздың дені сау, мықты азамат болып өсуі қажет. Себебі Қазақстанның болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Жастардың дені сау болса, мемлекет те қуатты болады. Сыр елінен мықты спортшылар шыққан. Әлі де көптеген чемпиондар шығады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы