Тоқаев: Су мәселесі - ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды

1 Қыркүйек 2022, 11:32
2791
Бөлісу:
Тоқаев: Су мәселесі - ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Фото: Егемен Қазақстан

Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтырып отыр.  Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ, автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен, - деді Президент.

Ел басшысының атап өтуінше, елімізде бұл мәселеге қатысты ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы.

Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек. Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн. Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек, - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. 

Өзгелердің жаңалығы