Тоқаев Словакия президентін Конституция күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Словакия Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

 Ақорда 1 Қыркүйек 2026, 09:43
1 Қыркүйек 2026, 09:43
134
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегриниді Конституция күнімен құттықтады.

Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген Қазақстан-Словакия қарым-қатынасы алдағы уақытта да дәйекті түрде дамып, жаңа мазмұнмен толыға түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Словакия халқына бақ-береке тіледі, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Наверх