Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды

17 Мамыр 2023, 12:49
1702
Бөлісу:
Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды
PHOTO
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. 

Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады. 

Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Президент 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі және мемлекеттік сапар аясында бірқатар шара өткізеді. 

Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Сондай-ақ Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысады.

Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Мемлекет басшысы 19 мамырда «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады. Сонымен қатар Президент еліміздің Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы