Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның бүгін кезектен тыс өткен XXI съезінде сөйлеген сөзінде айтты. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі парақшасы хабарлады.
Мен елді жан-жақты жаңартудың ауқымды тәртібін алға қойдым. «Nur Otan» оны іске асыруға белсенді кірісуі және Қазақстанды қарқынды түрлендіру мен жаңартудың нағыз «моторына» айналуы қажет, - деді Президент съезде.
Сонымен қатар ол партияның алдағы жұмысына қатысты пікір білдірді.
Ол үшін «Nur Otan» өзі де жаңаруы тиіс. Ғарыштық қайта ретке келтіру талап етілмейді, алайда партияның бүкіл жұмысын түбегейлі қайта құру керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Дәл қазір бейнеконференция байланысы режимінде партияның съезі өтіп жатыр. Оған ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиалдар өкілдері, депутаттар мен Үкімет мүшелері қатысуда.
Оқи отырыңыз: