Тоқаев: Қазақстан – осы геосаяси аймақта түбегейлі реформа жүргізіп жатқан бірден-бір ел

29 Наурыз 2023, 10:31
8088
Бөлісу:
Тоқаев: Қазақстан – осы геосаяси аймақта түбегейлі реформа жүргізіп жатқан бірден-бір ел
Фото: Ақорда

VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүргізіліп жатқан реформалар «Қазақстанға қауіп төндіруі мүмкін» деп айтатын саясаткерлер мен адамдар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Реформалар жалғаса береді, саяси құрылымды жетілдіру қажет. Бұл – аса маңызды жұмыс. Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Содан кейін еліміздегі барлық аудан әкімдерін сайлаймыз, - дейді Мемлекет басшысы. 

Тоқаев саяси үдерісті демократияландырып, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейте беретіндерін айтты.

Мемлекет басшысы өте маңызды нәрсені түсінуіміз керегін айтты. 

Қазақстан – осы геосаяси аймақта түбегейлі реформа жүргізіп жатқан бірден-бір ел. Кейбір адамдар, солардың ішінде саясаткерлер де осындай реформалар Қазақстанға қауіп төндіруі мүмкін деп айтады. Бірақ мен осы өзгерістердің барлығы, ең алдымен, ел болашағы үшін ауадай қажет деп ойлаймын. Алған бетімізден қайтуға болмайды. Керісінше, заң үстемдігі, халық бірлігі, әлеуметтік әділдік және ішкі саяси тұрақтылық секілді іргелі құндылықтарға баса мән бере отырып, реформалар жолымен алға қарай нық қадам басуымыз керек, - деді Президент жиында.

Еске сала кетейік осыған дейін Президент билікке ойы озық, білімді жастар келуі керектігін айтты. Сондай-ақ ол Мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келгенін де атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы