Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қаржы аударып үлгерген бизнес өкілдеріне алғыс білдірді.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Мемлекеттік іс-әрекетін сынаушылар барлық уақытта көп болды және бола да береді. Мұнан ары не істеу керектігін бірлесіп анықтайық және бірге реформа жасауды бастаймыз. Сөзден іске көшетін кез келді, - деп атап өтті Мемлекет басшысы еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесу барысында.
Президент үндеуіне ден қойып, «Қазақстан халқына» қорына қаржы аударып үлгерген бизнес өкілдеріне ризашылығын білдіріп өтті.
Осынау игілікті іс - ең жоғары бағаға лайық. Бірақ, бұл жерде формализм мүлдем болмауы тиіс. Әйтпесе, мемлекеттік қызметшілерден, бюджет қызметкерлерінен бір күндік жалақы жинай бастады. Мұны жасаудың қажеті жоқ. Бұл - мүлдем қажетсіз бастама. Тағы да қайталап айтамын, бұл бюджеттік қор емес. Бұл - Қазақстан халқының қоры. Сондықтан оның жұмысы ұзаққа созылатын бюрократиялық процедурасыз болуы тиіс. Бұл жұмыс мүлдем ашық болады. Барлық ірі компания жыл сайын қорға салық салынатын кірісінің пайызын аударып отырады. Қор пайдалы қайырымдылық іспен айналысады. Бизнес қоғамдастық бұл бастаманы шынайы қолдайды деп үміттенемін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.