Тоқаев қандай шәкірт болған (видео)

15 Тамыз 2019, 13:17
2421
Бөлісу:
Тоқаев қандай шәкірт болған (видео)
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі сирек кадрларын жариялады.

«Бұл роликте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1983 жылы Бейжің лингвистикалық университетінде тілдік тағылымдамадан өтіп жүрген кезде түсірілген сирек фотосуреттері ұсынылған. Университет оқытушысы Лю Шицинь өзінің жеке мұрағатында сақталған бірегей фотосуреттермен бөлісіпті», - деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Лю Шициньнің айтуынша, ол Қазақстанның болашақ президенті оқыған топта сабақ берген. Президенттің оқытушысында әлі күнге дейін  аудиовизуалды эксперименттер сыныбында өткізілген дәрістердің суреті сақталған. 






Өзгелердің жаңалығы