Тоқаев: Қала - бетоннан салынған орман болмау керек

16 Қараша 2022, 10:28
665
Бөлісу:
Тоқаев: Қала - бетоннан салынған орман болмау керек

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапары барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жұрттың наразылығын тудыратын тағы бір маңызды мәселе – үйлердің тығыз салынуы. Так называемая точечная застройка или «человейники». Осындай құрылыстар және жолдардың ыңғайсыз салынуы көп қолайсыздық тудырып отыр. Алматы заманауи урбанистика талаптарына сай болуы керек,- деді Мемлекет басшысы.

Айтуынша қала бетоннан салынған орманға айналмауға тиіс. Сондай-ақ, Алатаудың самалы қалада еркін есуі қажет. 

Бұл қаланың экологиясы үшін өте маңызды. Қала салу кезінде құрылыс компанияларының емес, ең алдымен, тұрғындардың мүддесі ескерілуі керек. Заңдарымызда бұл жағдай нақты реттелмеген. Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, осы мәселені пысықтап, заңға тиісті түзетулер әзірлеуді тапсырамын. Мұның бәрі Алматыны мейлінше жайлы, қолайлы қала ретінде одан әрі дамыту үшін қажет,- деді Президент.

Ол шаһарда Ботаникалық бақ сияқты қоғамдық орындар көп болуы тиіс деді.

Кейбір аудандарда осындай нысандар мүлдем жоқ. Қала әкімдігі осы ахуалды түбегейлі өзгертуді көздеп отыр. Жұрттың демалуына арналған бес орталық салу жоспарда бар. Мен мұны толық қолдаймын. Бірақ, жұмысты сапалы орындау қажет,- деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы