Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

3 Қаңтар 2023, 17:35
749
Бөлісу:
Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. 

Әңгімелесу барысында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылады. 

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық етті.

Өзгелердің жаңалығы