Тоқаев пен Си Цзиньпин кездесті

17 Мамыр 2023, 15:38
970
Бөлісу:
Тоқаев пен Си Цзиньпин кездесті
Фото: автордан

Қытайдың Сиань қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Тоқаев пен Си Цзиньпин кездесті

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапармен Қытайға келгенін хабарлаған болатынбыз. 

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Екі елдің лидерлері Қазақстан-Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелерін қарастырады. 

Тоқаев пен Си Цзиньпин кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездесіп, мемлекеттік сапар аясында бірқатар іс-шараға қатысады. «Қытай-Орталық Азия» саммиті 18-19 мамырда Сиань қаласында өтетінін еске сала кетейік. 

Саммитке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қатысады. Форумға ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин төрағалық етеді. Бұл алты ел басшыларының 31 жыл дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бергі алғашқы бетпе-бет кездесуі болмақ.

Өзгелердің жаңалығы