Тоқаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

14 Тамыз 2023, 10:00
442
Бөлісу:
Тоқаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Шахбаз Шарифке ізгі тілегін жеткізді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастың достық сипатта екеніне назар аударып, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты байланысты одан әрі дамыта түсуге дайын екенін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы