Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай Пәкістан Президенті Асиф Али Зардариге және Премьер-министрі Шахбаз Шарифке құттықтау жеделхаттарын жолдады.
Өз жолдауларында Мемлекет басшысы Пәкістанның тұрақты даму жолындағы жетістіктерін атап өтіп, Қазақстанның екіжақты және халықаралық мәселелердің кең ауқымы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген берік ұстанымын растады.
Сондай-ақ Президент Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифтің Астанаға алдағы мемлекеттік сапарын асыға күтетінін атап өтті. Оның пікірінше, бұл кездесу екі ел арасындағы серіктестік қатынастарды дамытуға жаңа серпін береді.
Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардариге және Шахбаз Шарифке мемлекеттік қызметтеріне табыс, ал Пәкістан халқына бейбітшілік, амандық және өркендеу тіледі.
Тағы оқи отырыңыз:
Тоқаев: Мақсатымыз – Қазақстан-Пәкістан саудасын 1 миллиард долларға дейін ұлғайту
Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде
Қазақстан Пәкістанға экспортты 21,5 млн долларға арттыруға дайын