Тоқаев Орталық Азияда бронды техника шығаратын бірегей кәсіпорынға барды

4 Қазан 2023, 14:41
552
Бөлісу:
Тоқаев Орталық Азияда бронды техника шығаратын бірегей кәсіпорынға барды
PHOTO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Президент елорданың индустриалды нысандарын аралау барысында бронды дөңгелекті техника өндіруге және жаңғыртуға маманданған Kazakhstan Paramount Engineering зауытына да барды. 

Тоқаев Орталық Азияда бронды техника шығаратын бірегей кәсіпорынға барды

➤ Бұл компания 2013 жылы құрылған. Ол – Қазақстан мен Орталық Азияда дөңгелекті бронды техника шығаратын бірден-бір кәсіпорын. 

Тоқаев Орталық Азияда бронды техника шығаратын бірегей кәсіпорынға барды

➤ Қазақстан аумағында өз өндірісін ашу және бәсекеге қабілетті заманауи бронды техникаға сервистік қызмет көрсету, сондай-ақ түрлі міндеттерді орындауға арналған бронды дөңгелекті машина өндірісін өркендету аталған компанияның артықшылығы саналады. 

Тоқаев Орталық Азияда бронды техника шығаратын бірегей кәсіпорынға барды

Мемлекет басшысы осы саланы ілгерілетудің келешегі зор екенін ерекше атап өтіп, компанияны қорғаныс өнеркәсібіне маманданған отандық кәсіпорындарды дамытуға жан-жақты атсалысуға шақырды.

Тоқаев Орталық Азияда бронды техника шығаратын бірегей кәсіпорынға барды
Өзгелердің жаңалығы