Тоқаев Орталық Азия мен Үндістан арасындағы басымдық қай бағытқа берілуі керегін айтты

27 Қаңтар 2022, 17:49
1429
Бөлісу:
Тоқаев Орталық Азия мен Үндістан арасындағы басымдық қай бағытқа берілуі керегін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» саммитінде айтты. 

Орталық Азия мен Үндістан арасындағы басымдықты сауда-экономикалық бағыт пен көліктік транзитті дамытуға бағыттау керек. Орталық Азия ірі көліктік-логистикалық әлеуетке ие. Қазақстан аймағынан 12 халықаралық дәліз өтеді. Оның ішінде 5 теміржол және 6 автокөлік бағыты шығыс пен батыс және солтүстік пен оңтүстік бағытында тауар айналымын жүзеге асырып отыр, - деді ол. 

Тоқаев атағандай, ЕАЭО кеңістігіндегі бірыңғай кедендік шекара Ресей нарығында кедергісіз кіруге мүмкіндік береді. 

Қазақстанның батысындағы «Ақтау» және «Құрық» порттары арқылы өтетін бағыттың да әлеукеті жоғары. Ол бойынша жылына 26 млн тонна жүк тасымалданады. Каспий теңізі арқылы Каспий жаңалауындағы елдері мен Түркия одан әрі батысқа бағыт алуға мүмкіндік береді, - деді Мемлекет басшысы. 

Оның айтуынша, соңғы 10 жылда Қазақстан ұлттық көлік инфрақұрылымын дамытуға 30 млрд доллар инвестиция құйды. 

Біз бұл жұмысты одан әрі жалғастыра береміз. Теңізге шығысы  жоқ Қазақстан үшін бұл маңызды рөл атқарады, - деді Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы