Тоқаев танымал жеңіл атлетші Ольга Рыпакованы құттықтады

26 Қазан 2019, 17:10
2106
Бөлісу:
Тоқаев танымал жеңіл атлетші Ольга Рыпакованы құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда алтын медаль жеңіп алған жеңіл атлетші Ольга Рыпакованы құттықтады.

Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

"Қытайда өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда танымал жеңіл атлетшіміз Ольга Рыпакова тамаша көрсеткішпен алтын медальге ие болды. Ольганың спорт әлеміндегі теңдессіз тәжірибесі,биік белестері көпке рух береді әрі шабыттандырады. Жарайсың,тек алға!", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Бұған дейін Рыпакованың бүкіләлемдік әскери ойындарының жеңімпазы атанғаны хабарланған.
Өзгелердің жаңалығы