Рыпакова бүкіләлемдік әскерилер ойынының жеңімпазы атанды

26 Қазан 2019, 02:22
1607
Бөлісу:
Рыпакова бүкіләлемдік әскерилер ойынының жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова бүкіләлемдік әскерилер ойынында (Ухань) жеңімпаз атанды, деп жазды Olympic.kz сайты.

Ольга Рыпакова үш қарғып секіру жарысында 14.19 метірге секіріп, үздік нәтиже көрсетті.

Екінші орынға 13.78 метрді бағындырған италиялық Оттавией Цестонаро жайғасса, 13.54 метрге қарғыған Доминикан Республикасының өкілі Люсии Хосе Тим үшінші орынға ие болды.  
Өзгелердің жаңалығы