Тоқаев Мирзиёевке қоңырау шалды: Қандай мәселелер көтерілді?

Көшбасшылар екіжақты байланыстардың қарқынын бағалап, алдағы маңызды іс-шаралардың күн тәртібін қарастырды.

 Ақорданың баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 18:33
Бүгiн 2026, 18:33
121
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

Президенттер өзара ықпалдастықты одан әрі нығайту, биыл сәуір айында Бұхара қаласында өткен мемлекеттер басшылары кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыру мәселелерін талқылады, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Президент әкімшіліктері, үкіметтер мен салалық ведомстволар арасындағы байланыстардың жандануы екіжақты ынтымақтастықты дәйекті түрде дамыту және бірлескен жобаларды ілгерілету үшін өте маңызды екеніне назар аударылды.

Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы ортақ іс-шаралардың кестесін қарастырды.

Наверх