Тоқаев: Мемлекетіміздің басты құндылығы – ел бірлігі

16 Қараша 2022, 11:06
1861
Бөлісу:
Тоқаев: Мемлекетіміздің басты құндылығы – ел бірлігі

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы жұртшылығымен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Халқымыздың біртұтас ұлт ретінде сақталуы қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғай білуімізге байланысты. Сол себепті, әрбір ісіміз мемлекет мүддесіне сай болуы қажет. Азаматтардың бойында осы қасиеттер болса және еліміздің басты құндылықтарын орнықтыра білсек, болашағымыз баянды боларына кәміл сенемін. Мемлекетіміздің басты құндылықтарына тоқталайын. Ең алдымен – ел бірлігі. Еліміздің бүтіндігі, жеріміздің тұтастығы, қоғамның тұрақтылығы және тыныштығы берекелі бірліктен басталады. Тіліне, дініне, нәсіліне қарамастан Қазақстанның барша азаматтары – біртұтас халық, біртұтас ұлт. Бұл – ешқашан мызғымайтын қағида. Себебі, бұл қағида еліміздің тұрақтылығын, жалпы айтқанда, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы