Тоқаев: Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қолдайды

5 Қыркүйек 2023, 20:12
688
Бөлісу:
Тоқаев: Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қолдайды
Фото: Ақорда

Президентке отандық құрылыс материалдарының көптеген түрі көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстанда өнеркәсіптік және азаматтық нысандар құрылысының толық циклін қамтамасыз ететін тауарлар өндіріледі. 

Атап айтқанда: – көлденең желімделген ағаш, құрама темірбетон және бетон құрылғылары, автоклавты газоблоктар, талшықты цемент плиталары мен шыны мақта, құрғақ құрылыс қоспалары мен әрлеу материалдары, бояулар мен жабындылар, алюминий профильдері, панельдер, диодты шамдар, есік тұтқалары және басқа да өнімдер шығарылады. Мемлекет басшысы құрылыс саласының жай-күйі туралы айта келе, аталған саланы экономиканы дамытудың қозғаушы күші ретінде атап өтті. 

Қазір құрылыс саласы бойынша өңірдің алдында ауқымды міндеттер тұр. Атап айтқанда, облыс орталығының құрылысы және G4 City жобасы. Бұл жұмыста жергілікті өнім өндірушілердің құрылыс материалдарының әлеуетін барынша пайдалану маңызды. Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қолдайды. Бұл туралы мен өз Жолдауымда нақты айттым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Көрмеге 20-дан астам қазақстандық тауар өндірушілердің, соның ішінде «Шин-Лайн» ЖШС, Dinara Group агрохолдингі, «Дәулет-Бекет» ЖШС, «ПК Алтын Таға» ЖШС, «Фирма-Бент» ЖШС, «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС және басқа да ірі компаниялардың өнімдері қойылды.

Өзгелердің жаңалығы