Тоқаев Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

1 Қаңтар 2024, 15:30
745
Бөлісу:
Тоқаев Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен Куба халқын Бостандық күнімен құттықтады.

Егемендік пен теңдікті қастерлей білген еліңіз бүгінде өзінің саяси-экономикалық тұрақтылығы мен халықаралық беделін арттыруда қомақты жетістіктерге қол жеткізуде. Осы тұста Отаныңыз баянды дамуын жалғастырып, биік мақсат-мұраттарға жете беруіне шынайы тілектеспін. Кариб бассейніндегі Қазақстанның жақын әрі сенімді серіктесі Кубамен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да тереңдей түсетініне кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Куба халқына құт-береке тіледі.

Өзгелердің жаңалығы