Тоқаев киікті атуға қарсы шықты

14 Шілде 2022, 13:04
2901
Бөлісу:
Тоқаев киікті атуға қарсы шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында қоғамда дау тудырған киік мәселесіне тоқталып, Экология министріне сөгіс жариялады.

Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінен киіктердің санын реттеу мәселесін ақылға салып шешуді талап етті.

Киік – қазақ үшін киелі жануар. Табиғи ландшафттан 80 мың киікті жою, яғни ату ұсынылды. Мәселені шешудің басқа да жолдары бар емес пе? Мамандармен ақылдасыңыз. Бұл ақырғы шара болуға тиіс. Бәлкім, бұған да жүгінерміз. Бірақ, бұл амалсыз шара болуы керек екенін ескертемін. Осы мәселені кәсіби тұрғыдан қарастыру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, бұған дейін елімізде киіктердің саны күрт көбейіп, ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруаларды шығынға батырып жатыр деген себепппен олардың санын реттеу мәселесі көтерілген еді. Оған ел тұрғындарының көпшілігі наразылық танытып, киікті өзге аймаққа көшіруді ұсынған еді.

Елімізде киіктің Орал, Бетпақдала және Үстірт популяциясы бар. Оның үстіне әлемдегі ақбөкендердің 95 пайызы Қазақстанда мекендейтінін атап өткен жөн.

Қазақ киікті ежелден киелі жануар санайды. Киік ішіндегі төлінің жынысын тумай жатып өзі ауыстыра алатын ерекше жануар екен. Ол әсіресе климатқа байланысты болады. 
 

Өзгелердің жаңалығы