Тоқаев Kaspikz компаниясының негізін қалаушыларды құттықтады

25 Қаңтар 2024, 19:31
385
Бөлісу:
Тоқаев Kaspikz компаниясының негізін қалаушыларды құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Kaspikz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президентке Kaspikz компаниясы қызметінің нәтижелері мен даму перспективалары туралы мәлімет берілді. 

Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа Kaspikz компаниясының АҚШ-тағы NASDAQ қор биржасында IPO-ға табысты шыққаны туралы айтты. 

Бұл биржада Apple, Amazon, Google және басқа да әлемдік жетекші технологиялық компаниялардың акциялары орналастырылған. Мемлекет басшысы Kaspikz компаниясының негізін қалаушыларды айтулы жетістігімен құттықтады. Сонымен қатар кездесуде елімізге әлемдік жетекші инвесторларды көптеп тарту үшін инвестициялық климатты жақсарту перспективалары талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы