Тоқаев халықты қарызға батырған банк жұмысын сынады

1 Қыркүйек 2023, 12:16
1280
Бөлісу:
Тоқаев халықты қарызға батырған банк жұмысын сынады
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Нақты секторға берілетін кредит азайып жатқанда банктер тұтыну несиесімен әуестеніп кетті. Осы жағдай қаржы жүйесіне төнетін сын-қатерлердің көбеюіне және азаматтардың шектен тыс қарызға батуына әкеп соқтырды, - деді Президент.

Тоқаев халықтың қаржы сауатын арттыру керегін айтты.

Менің 2019 жылы 500 мың азаматтың кепілсіз несиесін кешіру туралы шешімім және жақында қабылданған жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң мәселені біршама реттеді. Бірақ ахуалды біржола түзеу үшін жаңадан жүйелі шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар азаматтардың қаржы сауатын арттыру өте маңызды. Бұл ретте «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өту қажет. Соның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар, - деп түсіндірді ол халыққа арнаған Жолдауында.

Мемлекет басшысы бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсеткенін атап өтіп, Үкіметке «Amanat» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырды. Тоқаев атағандай,«Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет.

Өзгелердің жаңалығы