Тоқаев Грузия президентіне маңызды құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Грузия халқына бақ-береке тіледі.

 Ақорданың баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 19:53
Бүгiн 2026, 19:53
193
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Грузия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилиді және оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент жеделхатта достық пен өзара құрметке негізделген қазақ-грузин қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Грузия халқына бақ-береке тіледі.

Наверх