Тоқаев геология ғылымын сапалы дамыту туралы айтты

12 Сәуір 2024, 13:06
238
Бөлісу:
Тоқаев геология ғылымын сапалы дамыту туралы айтты
Фото: pixabay.com

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандық ғылымның алдында Қазақстан экономикасын декарбонизациялауға байланысты маңызды міндет тұр. Дамыған елдердің көбі жаңартылатын энергия көздеріне қатысты жобаларды белсенді іске асыруда. Сондай-ақ олар көміртексіз дамуға көшіп, жаңа экономикалық кластерлер құру үшін қажетті технологиялық әлеуетке ие. Бұл саладағы жаһандық үрдістер көшінен қалмау үшін бізге өз ерекшеліктеріміз ескерілген төл ғылыми әзірлемелер қажет. Осы ретте жеріміздің қазба байлығы бұрынғыша еліміздің экономикалық өсімінің негізі болып қала беретінін естен шығармаған жөн. Сондықтан табиғи ресурстарды, соның ішінде көмірсутегілер мен сирек кездесетін металдарды өндіру саласына озық технологияларды енгізу керек. Іздеу-барлау жұмыстарының нәтижелі болуына мән беріп, жаңа кен орындарын ашу қажет. Ол үшін геология ғылымын сапалы дамыту маңызды, - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бүкіл отандық ғылымның әлеуеті бәсекелестік артықшылықтарымызды тиімді пайдалануға және ғылымды қажет ететін жаңа секторларды кеңінен игеруге бағытталуға тиіс.

Өзгелердің жаңалығы