Тоқаев: Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз

1 Қыркүйек 2022, 11:57
833
Бөлісу:
Тоқаев: Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында Қаңтар оқиғасы туралы айтты , деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маған құқық қорғаушылар, адвокаттар қауымдастығының өкілдері бірнеше рет өтініш жолдады. Олар елді жаппай тәртіпсіздікке үндеген адамдарды қатаң жазалау қажет екенін айтты. Бұл – орынды ұсыныс. Сондықтан өкілетті органдарға осы мәселені қарастырып, нақты шара қабылдауды тапсырамын. Біз кез-келген ашық арандатушылыққа және заңсыз іс-әрекетке қатаң тосқауыл қоюымыз керек. Ел ішіне іріткі салған және заң бұзуға шақырған адамдар қатаң жазадан құтылып кетпейді, - деді Мемлекет басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы