Тоқаев еліміздің экономикалық даму кезеңдеріне тоқталды

21 Қаңтар 2022, 14:15
1171
Бөлісу:
Тоқаев еліміздің экономикалық даму кезеңдеріне тоқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында айтты.

Кейінге көз сала отырып, шартты түрде екі экономикалық бетбұрысты бөле айтуға болады. Алдымен жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу. Қазақстан күрделі күйзелістер және шығындар арқылы ауыртпалықты, бірақ қажетті реформалар жүргізе отырып көтеріле, бейімделе алды, - деді Президент.

Президент бұл өзгерістерді қаржыландыру кеңестік жүйеден мұра болып қалған мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру есебінен жүзеге асырылғанын айтты.

Сол іргетаста отандық кәсіпкерліктің жаңа санаты өсіп шықты. Екінші бетбұрыс 2000 жылдардағы шикізаттық суперциклмен байланысты. Экономика жаһандық процестерге бейімделе алды, шетелдік инвесторларға жағдай жасалып, бұл елге мол қаражатты, бірінші кезекте өңдеу және банк салаларына тартуға мүмкіндік берді. Бұл қаржылар қазақстандық экономиканы қорландырды және оған тұрақтылық берді. Әлеуметтік бағдарланған мемлекет қалыптастыруға мүмкіндік туғызды. Бірақ, біз сыртқы әл-ауқаттың арқасында сыртқы игіліктің шикізаттық лағынетке айналғанын байқамай қалдық. Біз трансформацияда ұтқыр бола алмадық. Сапалы түрлену мұндайға қарсы түрлі топтардың мүддесімен бетпе бет келді. Нәтижесінде біз әртараптандырылған экономика құра алмадық, - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы