Тоқаев Джек Маға алғыс айтты 

11 Сәуір 2020, 15:35
1263
Бөлісу:
Тоқаев Джек Маға алғыс айтты 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың белгілі кәсіпкері Джек Маға қазақстандықтарға гуманитарлық көмек жасап, қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.

Мен әлемге әйгілі кәсіпкер, біздің халықтың жақсы досына айналған Джек Ма мырзаға елімізге жасаған гуманитарлық көмегі үшін алғыс білдіремін. Ол осындай күрделі төтенше жағдайлар кезінде ынтымақтастықтың маңызы зор екенін көрсетті. Біз бірігіп бар қиыншылықты жеңеміз, - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.
Бұған дейін Джек Маның Қазақстанға 5 мың қорғаныш костюмін жібергенін хабарлаған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы