Тоқаев Бразилия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

7 Қыркүйек 2024, 11:01
623
Бөлісу:
Тоқаев Бразилия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Бразилия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Федеративтік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Луис Инасиу Лула да Силваға құттықтау жеделхатын жолдады. 

Президент ұлт бірлігі мен ынтымағының бірегей нышаны болған бұл мейрамның ел тарихындағы орны ерекше екенін атап өтіп, Бразилия халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында екі ел арасындағы қарым-қатынас дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы