Тоқаев Болгарияның премьер-министрін құттықтады

Мемлекет басшысы Болгариямен ынтымақтастықтың нығая түсетініне сенім білдірді.

 Ақорда Бүгiн 2026, 15:32
Бүгiн 2026, 15:32
175
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысы жеделхатта Румен Радевті «Прогрессивті Болгария» коалициясының парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және Болгария Республикасының премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа құрылған ынтымақтастық бірлескен күш-жігердің арқасында одан әрі беки түсетініне сенім білдірді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Румен Радевтің аса жауапты қызметіне табыс, ал Болгария халқына құт-береке тіледі.

Наверх