Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің түрлі салаларын қамтитын бірқатар заңға қол қойды.
Президент қол қойған заңдардың бірі ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы машина жасауды дамыту және көлік саласын одан әрі жетілдіру мәселелерін қамтитын заңға қол қойды. Құжат аталған салалардағы құқықтық реттеуді жаңғыртуға және экономиканың маңызды бағыттарын дамытуға арналған.
Бұдан бөлек, атқарушылық іс жүргізу жүйесін жетілдіруге қатысты заң қабылданды. Құжат атқарушылық өндіріс саласындағы құқықтық тетіктерді жетілдіруге және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Президент қол қойған тағы бір заң цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелерін қамтиды. Құжат цифрлық технологияларды енгізу, азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігін күшейту және көлік саласындағы инновациялық шешімдерді құқықтық тұрғыдан реттеуді көздейді.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңдардың толық мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.