Тоқаев: Банктер әділ кәсіпкерлерді қаржыландыруға дайын

19 Сәуір 2023, 11:40
1030
Бөлісу:
Тоқаев: Банктер әділ кәсіпкерлерді қаржыландыруға дайын
Фото: Ақорда

Елдегі банктерді бизнес пен инвестиция үшін қолайлы жағдай жасауға тарту қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметте өтіп жатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте мәлімдеді.

Отандық банктерді бизнес пен инвестиция үшін қолайлы жағдай жасауға тарту аса маңызды. Банк секторының ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды несиелендіру бойынша банк секторының мүмкіндігін кеңейту қажет. Мен экономиканы несиелендіруді кеңейту бойынша шаралар туралы Жарлық аясында сәйкес тапсырма бердім, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент қолжетімді банктік несиелеудің міндетінде шағын және орта бизнес қалатынын еске салды.

Осы орайда біз банктерде ақша барын және олар әділ жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қаржыландыруға дайын екендігін білеміз. Сондықтан банктердің өзінің жұмысын қайта баптаудан бөлек, банктер мен мемлекеттік кіріс органдарының ақша ағымын цифрландыру мен ақпараттық жүйені біріктіруді күшейту керек. Бұл банктердің бизнеске, әсіресе шағын және орта бизнеске сенімін нығайтуға жол ашады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Президент елді өркендетуге атсалысқысы келетін азаматтарға үндеу жолдады. Ол сондай-ақ Ұлттық қорға жармаса беруді доғару қажеттігін де атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы