Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына барды

12 Наурыз 2024, 13:20
457
Бөлісу:
Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына барды
PHOTO
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды.

Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына барды

Мұнда президенттер Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысады.

Сондай-ақ жергілікті халықпен кездесіп, алдағы уақытта салынатын Физули қалалық Орталық ауруханасының жобасымен танысады.

Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына барды

Бұдан кейін екі ел басшылары Шуша қаласындағы әлеуметтік-мәдени және басқа да нысандарды аралап көреді. 

Өзгелердің жаңалығы