Тоқаев: Азаматтардың көбі ескі несиесін жабу үшін жаңа несие алуға мәжбүр

12 Желтоқсан 2022, 13:11
3034
Бөлісу:
Тоқаев: Азаматтардың көбі ескі несиесін жабу үшін жаңа несие алуға мәжбүр

Миллионнан астам адам енді өз міндеттемелерін төлей алмайды. Олардың көпшілігі шарасыздық шегіне жетіп, ескісін өтеу үшін жаңа несие алуға мәжбүр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тоқаевтың айтуынша,  субсидиялар мөлшерлемелерін саралауға бірдей қарауымыз керек. Осымен қатар Ұлттық банктің ноталары бойынша банктердің кірістеріне салық салу да қайта қаралады. 

Бұл оларға экономикаға тікелей әсер етпейтін жоғары кірісті қаржы құралдарына емес, нақты бизнес-жобаларды несиелендіруге инвестициялауға қажетті ынталандыру береді. Сонымен қатар тұтынушылық несиелендірудің шамадан тыс «дәрежесін азайту» қажет. Өкінішке қарай, бейсаналық тұтыну елеулі теңгерімсіздіктерге әкелуі мүмкін, оның белгілері біз жылдар бойы көріп жүр. Бүгінде проблемалық несиелердің көлемі жарты триллион теңгеге жетті. Миллионнан астам адам енді өз міндеттемелерін төлей алмайды. Олардың көпшілігі шарасыздық шегіне жетіп, ескісін өтеу үшін жаңа несие алуға мәжбүр, - деді Президент.

Тоқаев осы себептен 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жеке тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы» заң күшіне енуі керегін атап өтті. 

Кепілсіз онлайн микрокредитті де қатаң реттеу қажет. Кейбір елдерде оған толығымен тыйым салынған. Бұл тәжірибені зерттеу керек. 90 күннен астам мерзімі өткен қарыз алушыларды жаңа міндеттемелерді қабылдаудан «қорғау» тетігін ойластыру қажет. Жақын арада тиісті Жарлыққа қол қоямын, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы