Тоқаев: Аймақтың қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі

19 Мамыр 2023, 11:00
971
Бөлісу:
Тоқаев: Аймақтың қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі
Фото: Ақорда

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қытайдың бұл міндетті орындауға зор үлес қосып отырғанын Қазақстан жоғары бағалайды. Қытай Халық Республикасы аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарады. Барлық елдің аумақтық тұтастығын және егемендігін сақтауға қатысты Бейжіңнің ұстанымы еш өзгерген емес. Сондай-ақ өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау қағидатынан айнымай келеді, -деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ ол Қытайдың осы берік ұстанымы ерекше құрметке лайық екенін айтып  өтті.

Қазақстан да Қытайдың Орталық Азияға қатысты жүргізіп отырған бейбіт сыртқы саясатын құптайды. Біз Бейжіңнің тұрақты дамуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларын қолдаймыз. Орталық Азияның қашанда ынтымағы жарасқан, жасампаз аймақ ретінде дамығанын қалаймыз. Осы өңірді геосаяси текетірес алаңына айналдыруға қарсымыз, -деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы