Тоқаев: Әнұранымызды бірге орындау - Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі

3 Сәуір 2020, 16:34
3503
Бөлісу:
Тоқаев: Әнұранымызды бірге орындау - Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халқымыздың бұл әрекеті зор құрметке лайық. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасына жазды.

Президенттің айтуынша, елорда мен еліміздің басқа қалалары тұрғындарының Әнұранымызды бірге орындауы - Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісін айғақтайды.

Халқымыздың бұл әрекеті зор құрметке лайық. Карантинде отырған азаматтарымыздың риясыз көңілі мен шынайы ниеті бұл қиындықты Бәріміз Бірге еңсеретінімізге сенім ұялатады. #BizBirgemiz. We shall overcome, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салсақ, кеше елорда тұрғындары өз үйлерінің балкондарынан шығып, бірге Әнұран айтып, төтенше жағдай кезінде бір-біріне қолдау көрсеткен болатын. 


Өзгелердің жаңалығы