Тоқаев Алматының жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

 Ақорданың баспасөз қызметі 26 Мамыр 2025, 15:13
26 Мамыр 2025, 15:13
838
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады. Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, сондай-ақ жол-көлік желісінің жағдайын жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Наверх