Топырақты заңсыз алу әрекеті тоқтатылды

24 Қыркүйек 2019, 23:39
2413
Бөлісу:
Топырақты заңсыз алу әрекеті тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданы прокуратурасымен рейдтік іс-шаралар барысында аудан орталығына жақын жерде топырақты заңсыз алу фактісі анықталды, деп хабарлады прокуратураның сайты.

«А» ЖШС-нің қызметкерлері жолды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін экскаватормен жерді қазып, топырақты көлік құралдарымен тасымалдаған. Алайда олардың Экологиялық кодекстің 12-бабына сәйкес тиісті рұқсаты болмағаны анықталды. Экология департаменті инспекторының 2 қыркүйектегі қорытындысы бойынша барлығы 56 тонна топырақ алынған. Прокуратураның ұсынуы бойынша уәкілетті органмен «А» ЖШС-гі ӘҚБтК-нің 139-бабы бойынша (жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 150 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - делінген таратылған ақпаратта.

Қазіргі уақытта құқық бұзушымен 378 750 теңге айыппұл толығымен төленді және жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы